ТРИАТЛЕТТІҢ АУЫРСЫНУ НҮКТЕЛЕРІ


Қарқынды жаттығулар барысында, бір қимыл-әрекетті үнемі қайталау немесе бір дене қалпын ұзақ уақыт сақтау барысында адам денесінің бұлшықеттерінде ауырсыну нүктелері пайда болады. 

Триггер нүктесі (англ. trigger point, trigger sites, trigger) – үстінен басқан кезде ауырсыну тудыратын тін алаңы. Триггер нүктесі міндетті түрде бұлшықеттің бұзылуына әкеледі. Бұл қабыну медиаторларының сол салада жинақталуының, бұлшықетте спецификалық емес дистрофилялық өзгерістерінің пайда болуының кесірінен орын алады. 

Триггер нүктелерінің келесі түрлері бар: 

Латент түрі – қалыпты жағдайда ешқандай ауырсыну жағдайы болмайды. Бірақ бұл нүктенің үстінен басып, немесе қысқан жағдайда күрт ауру пайда болады.

Белсенді – адам үнемі ауыр тудыратын жерді көрсете алады. Басып қараған кезде тығыз бұлшық етті сезінуге болады. Триггер нүктелері жиі мойын, иық, бел, жамбас орындарында пайда болады.

Олар келесі іс-қимылдардың нәтижесі болаып табылады:

  1. Бірдей іс-қимылдарды қайталау барысы;
  2. Ұзақ уақыт бір дене қалпын сақтау кезінде;
  3. Тірек-қимыл аппаратына үлкен салмақ түскен жағдайда;
  4. Микротравма алынған кезде;
  5. Суық тиген жағдайда.

Барлық аталған жағдайлар триатлон бойынша жаттығуларда орын алуы мүмкін.

Алдын алу шаралары: жаттығуларды дұрыс орындау, спорттық жұмыс алдында арнайы жаттығулар жасау, суық тигізбеу, жаттығу барысын жүйелендіру, уақытында жарақаттарды емдеу.

Емдеу жолдары:

  1. Дәрі-дермекпен емдеу - стероид емес қабынуға қарсы препараттар, бұлшық ет босаңсыту құралдары, антидепрессанттар;
  2. Массаж;
  3. Терапиялық дене шынықтыру;
  4. Мануалды терапия - манипуляция, пост-изометриялық релаксация.
  5. Жергілікті анестетиктер арқылы триггерлердің блокадалуы.

Естеріңізде болсын: әрбір әдістің өз қарсы көрсетілімдері бар, сол себепті емдеу әдісін кәсіби маман тағацындауы қажет!