Елордалық спортшылар триатлон бойынша Азия Чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

25-06-19

2019 жылдың 20-23 маусым күндері Оңтүстік Кореядағы Кенджу қаласында барлық Азия континентінің кәсіби триатлеттері мен паратриатлеттері арасында триатлон бойынша Азия Чемпионаты өтті.

 

            Жарыстың бірінші күні Қытай, Макао, Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайпея, Филиппин, Жапония, Сингапур және Қазақстан елдерінен Elite әйелдер санаты арасында 29 спортшы сайысқа түскен болатын.

 

Нұр-Сұлтан қаласының өкілі – Арина шульгина қарқынды жарыста қола жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстандағы әйелдер триатлонының даму тарихындағы Азия Чемпионатында алғашқы жүлделі орын екендігі туралы айта кеткен жөн. 

 

            Сонымен қатар Чемпионаттың екінші күні де біздің құрама команда үшін өте қуанышты болды. Себебі тағы бір елордалық спортшы, U23 жас санатында жарысқа түскен Дарын Қонысбаев 14 мемлекет өкілдері арасында бірінші орынды жеңіп алды. Ер адамдар арасында жарыс 1 500 метр жүзу, 40 км велокезең және 10 км жүгіруден тұратын «стандарт» қашықтығына өткен болатын.