TEMIR BALA


TEMIR BALA

   

 

Цеснабанк қолдауымен

 

 

 

Балалар триатлонын дамыту – Федерация жұмысының басым бағыттарының бірі.

Өсіп келе жатқан ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша белсенді әлеуметтік ұстанымын білдірген Федерацияның бас серіктесі – «Цеснабанк» АҚ-пен бірлесе отыра, Нұр-Сұлтан қаласында балалар триатлонын дамыту бойынша «Temir Bala» бағдарламасы жасалған болатын.

Балалардың триатлонмен айналысуына қаламызда барлық жағдайлар қарастырылған:

- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі негізінде балалар триатлоны секциясы жұмыс істеуде;

- Федерация жаттықтырушылары тұрақты түрде кәсіби деңгейін жоғарлатуда;

- балалар үшін жарыстар мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұл бағдарламаның мақсаты – тек спортшының «жүзу-вело-жүгіру» қабілеттерін дамыту емес, сонымен қатар өзіндік ойы бар және өз бетінше жаттыға алатын, шешім қабылдап, көшбасшы бола алатын, мақсат қойып, нәтижелерге жете алатын шынайы триатлетті тәрбиелеу. 

ДАЙЫНДЫҚ ЖҮЙЕСІ

5 кезеңнен тұрады:

  1. Қабілеттер мектебі – балаларды триатлонға баулу, қызығушылығын арттыру және жалпы қабілеттерін қалыптастыру;
  2. Бастапқы кезең – қабілеттерді дамыту, жеке мүмкіндіктерді анықтау;
  3. Озат кезең – қабілеттерді одан әрі жетілдіру, жеке тәсілдеме қолдану, жаттығу үрдісіне қатысу;
  4. Подиум алдыңғы кезең – нақты нәтижелерге және жетістіктерге назар аудару, жарыстарға дайындық;
  5. Подиум – финиш кезеңі, әлемдік деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізу.

Әр кезең 6 НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРДЕН тұрады:

- ОЙЫН РЕТІНДЕ ЖАТТЫҒУ – балаларды триатлонға баулу, қызығушылықтарын арттыру, өз мүмкіндіктерін, жеке негізгі қабілеттерін зерттеу.

- САНАЛЫ ТАҢДАУ – ақпаратпен жұмыс жасау, бапкерлік процеске қатысу, өз физикалық жағдайын қадағалау және дұрыс жаттығу, тамақтану мен жарыс жүйесін таңдау.

- КӨШБАСШЫ БОЛА БІЛУ – жауапкершілікті өзіне ала білу. Өздігінен шешім қабылдау және жоспарлау.

- «АҚЫЛДЫ ЖАТТЫҒУЛАР» - алуан түрлі жаттығу жүйелері арасынан өзіне ыңғайлы және тиімді жаттығу жүйесін дамыту.

- «АҚЫЛДЫ ЖАРЫС» - жарыстарда өзінің жеке қабілеттеріне негізделген өз стратегиясы мен тактикасын дамыту.

- «БАРЛЫҚ 100 ПАЙЫЗҒА АШЫЛУ» - өз-өзін нәтижеге бейімдеу, қажет кезде барлық мүмкіндіктер мен қабілеттерді шоғырландыру және пайдалана білу.

БАЛАЛАР ТРИАТЛОНЫ БОЙЫНША СЕКЦИЯЛАР
Қаламызда балалар триатлоны бойынша екі секция бар:

 

 

№ 9 БЖСМ:  
Жаттықтырушылар: Мұрат Әубәкіров, Сергей Бондаренко, Ақнур Оразбекова.

Жаттығулар кестесі:

Сейсенбі

Жүзу ("Назарбаев-Университет" атлеттік орталығы)

09:45, 16:45
Сәрсенбі

Жүгіру ("Назарбаев-Университет" атлеттік орталығы)

09:45, 16:45
Бейсенбі

Жүзу ("Назарбаев-Университет" атлеттік орталығы)

09:45, 16:45
Жұма

Жүгіру ("Назарбаев-Университет" атлеттік орталығы)

09:45, 16:45
6 мен 12 жас аралығындағы балалар үшін тек жүзу мен жүгіру жаттығулары өткізіледі, 12 жастан бастап жаттығу барысына веложаттығулар қосылады.

 

Нұр-Сұлтан қаласы триатлон Федерациясының балалар секциясы
Жаттықтырушылар: Диас Күнтуаров, Екатерина Руденко, Риат Жумагулов.

Жаттығулар кестесі

Дүйсенбі Жүзу ("Назарбаев-Университет" атлеттік орталығы)

09:45, 16:45

Сәрсенбі Жүгіру ("Назарбаев-Университет" атлеттік орталығы)

09:45, 16:45

Жұма Жүгіру ("Назарбаев-Университет" атлеттік орталығы)

09:45, 16:45

Сенбі Жүзу ("Назарбаев-Университет" атлеттік орталығы)

09:45, 16:45

Үйлестіруші: +7-707-607-70-12