Балаларға
Федерация жаттықтырушылары – өз істерінің мамандары, жаңа бастап келе жатқан әуесқой спортшыларға бастапқы қадамдарын нық басуға, тәжірибелі спортшыларға әрі қарай дамып, жаңа шындарды бағындыруға көмектесетін тәлімгерлер. Жаттығулар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.
Триатлон мен жүзі мектебі туралы бейнебаянды тамашалаңыз.
ТРИАТЛОН МЕН ЖҮЗУ МЕКТЕБІ
"Назарбаев-Университет" аумағында орналасқан Атлетикалық орталық басейнінде, Қабанбай батыр даңғылы, 53, к3а.
Күн сайын сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін.
Мұрат Әубәкіров – Федерацияның бас жаттықтырушысы, Қазақстан триатлон Федерациясы жаттықтырушы сертификатының иегері, триатлон бойынша ҚР спорт шебері, Ironman 70.3 финишері, триатлон бойынша Азия және Еуропа чемпионаттарының қатсушысы. Instagram: @murat_aubakirov |
|
Дмитрий Загаринский – Федерация жаттықтырушысы, жүзу бойынша спорт шебері, 1997 жылы ҚР чемпионы, 1999 жылы ҚР Кубогының абсолютті жеңімпазы, бірнеше рет ҚР Кубоктары мен чемпионаттарының жүлдегері атанған, 2018 жылы Астанада өткен Steppe Up аквамарафонының жеңімпазы. |
|
Екатерина Руденко - Федерация жаттықтырушысы, жүзу бойынша халықаралық дәрежелі спорт шебері, төрт дүркін Олимпиада ойындарының қатысушысы, бірнеше рет Әлем Чемпионаттарының қатысушысы, екі мәрте Азия ойындарының өола жүлдегері, жүзу бойынша ҚР абсолютті рекордсмені және бірнеше рет чемпионы атанған, Ironman 70.3 Astana жарысының эстафетадағы жүлдегері. Instagram: @kkkaaat |
|
Сергей Бондаренко – триатлон жаттықтырушысы, халықаралық деңгейлі спорт шебері, бірнеше рет Қазақстан чемпионы, Азия чемпионаттарының жүлдегері мен жеңімпазы, Еуропа және Әлем чемпионаттарының қатысушысы. |
|
Ақнұр Оразбекова - балалар триатлоны мен жүзу бойынша жаттықтырушы, жеңіл атлетика бойынша спорт шеберлігіне кандидат, бірнеше рет республикалық жарыстардың жүлдегері, Г. Қосанов атындағы Республикалық жарыстың жүлдегері және жеңімпазы, Республикалық Универсиаданың күміс жүлдегері |
|
Риат Жумагулов – жүзу бойынша жаттықтырушы, спорт шебері, ҚР ашық Чемпионатының бірнеше рет жүлдегері әрі жеңімпазы, Еуразиялық ойындардың жүлдегері, ҚР жас санаттары бойынша Чемпионатының бірнеше рет жүлдегері әрі чемпионы. |
|
Ксения Романчук – ашық суда жүзуден жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем Чемпионаты мен Әлем Кубогы кезеңдерінің бірнеше рет қатысушысы, ашық суда жүзуден Азия ойындарының күміс жүлдегері, ҚР Чемпионатының бірнеше рет жеңімпазы. |
World Class фитнес орталығындағы әуесқой спортшыларға арналған триатлон секциясы. Жеңіс даңғылы, 1. Сейсенбі мен жексенбі аралығында таңғы сағат 7-ден. |
Александр Мирончик – Федерацияның аға жаттықтырушысы, Қазақстан триатлон Федерациясы және Халықаралық триатлон одағы сертификаттарының иегері, Ironman 70.3 финишері, триатлон бойынша республикалық жарыстардың тұрақты қатысушысы. |
|
Сабыржан Косак - триатлон жаттықтырушысы, триатлон бойынша спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, триатлон бойынша көптеген жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері. |
Жазылу келесі телефон нөмірі бойынша: +7-707-607-70-12
ТРИАТЛОН МЕН ЖҮЗУ МЕКТЕБІ
"Барыс-Арена" Көпфункционалды мұз сарайы бассейнінде, Тұран даңғылы, 57.
Күн сайын сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін. Әр айдың соңғы сейсенбісі - санитарлық күн.
Максим Руденко - Қазақстан триатлон Федерациясы жаттықтырушы сертификатының иегері, жүзу бойынша спорт шебері, Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық турнирлердің бірнеше мәрте чемпионы. Instagram: @ironmax_kft |
|
Ернұр Сайлаубек – жүзу бойынша жаттықтырушы, ҚР III Жастар спорттық ойындарының жеңімпазы, мектепке дейінгі жастағы балаларды жүзу бойынша жаттықтыру жөніндегі сертифкаттың иегері. | |
Денис Рыбалкин - жүзу бойынша жаттықтырушы, жүзуден спорт шебері, ҚР ашық Чемпионатының жүлдегері және жеңімпазы, ҚР Кубогының чемпионы. |
Жазылу келесі телефон нөмірі бойынша: +7-707-607-70-12
Біздің сайтқа қош келдіңіз! Осы парақшадағы пайдалы ақпарат сізге триатлонд ...
Триатлон үш спорт түрінен құралған. Триатлонға қатысушылар үш бірінен кейін ...
Барлық жаттықтырушылар мен спортшылардың арманы – бұл жеңіске кепілдік бере ...