ТРИАТЛОН ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ
Триатлон үш спорт түрінен құралған. Триатлонға қатысушылар үш бірінен кейін бірі, үзіліссіз өткізілетін үш кезеңнен: жүзу, веложарыс және жүгіру кезеңдерінен өтеді.
Қазіргі кездегі заманауи триатлон концепциясы ХХ ғасырдың басында Францияда пайда болды. «L’Auto» газетасында «Les Trois Sports» деп аталатын жарыс туралы хабарландыру орналастырылған болатын. Жарыстың талабы – 3 км жүгіру, 12 км веложарыс және Марна арнасын жүзіп өту. Барлық үш кезең үзіліссіз өткізілген. Уақыт өте бара өту керек болатын қашықтықтар арта бастаған.
Қазіргі уақытта триатлонның ең танымал, Олимпиадалық бағдарламаға еңгізілген түрі жүзу, веложарыс және жүгіру кезеңдерінен тұрады. Алғашқысында триатлон енді жеке спорт ретінде дамып келе жатқан кезде жүзу кезеңі соңғы болатын. Веложарыс пен жүгіру кезеңдерінен кейін шаршаған спортшылар суда демала алады деген оймен солай жасалған болатын. Бірақ триатлонмен шұғылданатын спортшылардың саны көбейген сайын, олардық өміріне қауіп ететін факторларда көбейе түсті. Жүгіру мен веложарыстан шаршаған қатысушылардың жүзу барысында бұлшықеттері тартылады. Сол себептен жүзу кезеңін жарыстың басына қою шешімі қабылданды.
Негізі триатлонның көп түрлері бар. Олардың ішіндегі ең танымалы - ITU (International Triathlon Union) және WTC (World Triathlon Corporation) шеңберлерінде өткізілетін жарыстар.
International Triathlon Union (ITU) – 1989 жылы триатлон жарыстарын басқару органы ретінде құралған. ITU бірінші конгрессінде стандарт арақашықтығы бекітілген болатын. Кейін стандарт қашықтығы Олимпиадалық деп атала бастады. ITU-мен өткізілетін жарыстардың негізгі түрлері:
ITU Суперспринт: жүзу — 300 м, веложарыс — 8 км және жүгіру — 2 км
ITU қысқа қашықтық (спринт): жүзу — 750 м, веложарыс — 20 км және жүгіру — 5 км
ITU Олимпиадалық қашықтық: жүзу — 1500 м, веложарыс — 40 км және жүгіру — 10 км
ITU Long distance ұзын қашықтық (екі немесе үш Олимпиадалық қашықтық): жүзу — 3-4 км, веложарыс — 80-120 км және жүгіру — 20-30 км.
World Triathlon Corporation (WTC) – Ironman, Ironman 70.3, 5150 триатлдон бойынша жарыстар сериясын ұйымдастыратын коммерциляық жоба. Сонымен қатар ол "Ironman" брендімен қатысты барлық тауарлардың сатуымен айналысады. WTC ұйымдастыратын жарыстардың негізгі түрлері:
5150 WTC сериясы: жүзу — 1500 м, веложарыс — 40 км (жетекшілікке тыйым салынған) және жүгіру — 10 км
WTC 70.3 немесе Half-Ironman («Жартылай темір адам»): жүзу — 1,93 км, веложарыс — 90 км және жүгіру — 21 км
WTC Триатлон Ironman («Темір адам»): жүзу — 3,86 км, веложарыс — 180 км және жүгіру — 42,195 км.
Жарыс кезеңдері
Жүзу:
Жарыс жүзу кезеңінен басталады. Барлық қатысушыларға су жағасынан, понтон немесе тікелей судың өзінен бір уақытта старт беріледі. Судың температурасы төмен болған жағдайда (IRONMAN ережелеріне сәйкес әдетте 24,5°С аспауы тиіс) қалындығы 5 мм дейін жететін гидрокостюммен жүзуге рұқсат етіледі. Әдетте жүзу үшбұрышты жол бойымен өтеді және жізу аймағының шеңбері арнай белгілермен немесе арқандармен белгіленеді. Қатысушы берілген жол бойымен жүзбей, ұзындығын қысқартқан кезде, әрбір бұзушылық үшін айыппұлдар салынады және дисквалификацияға да әкелуі мүмкін. Спортшылар өздеріне ыңғайлы жүзу стилін таңдауға құқықтары бар, ең танымал және жиі қолданылатын стиль – бұл кроль стилі.
Веложарыс
Судан шыққаннан кейін спортшылар транзит аймағында киімдерін ауыстырып, веложарыс кезеңіне өтеді. Жол бойында тамақтану пункттері орналасады, бірақ кәсіби атлеттерге техникалық көмек көрсетуге тиым салынған. Қысқа қашықтықтардағы триатлонда қарапайым топтық жарыстарға арнлаған жол велосипеттерді қолдануға болады. IRONMAN триатлонында кәсіпқойлар велоспортта жеке жарысқа қолданылатын велосипедтерді қолданады. Халықаралық триатлон одағының ережелеріне сәйкес жол велосипеттеріне қысқа жатуға арналған қондырғыларды бекіту рұқсат етілген. Бұл қондырғылар тым қзын болмауы қажет және рульден аспауы тиіс. Себебі қысқа қашықтықтағы триатлонда бұл қондырғылардан үлкен пайда жоқ. Олимпиадалық қашықтықта жетекшілік рұқсат етілген, демек спортшылар топпен жүре алады. Ал Ironman триатлонында керісінше жетекшілікке тиым салынған. Сол себепті спортшы алдында келе жатқан қатысушыдан немесе төрешілік кқліктен 10-15 мет арақашықтықта болуы тиіс.
Жүгіру
Бұл кезеңнің басты шарты – қатысушы аяқпен жүгіру керек.
Кезеңдер арасында ауысу
Бір кезеңнен келесі кезеңге өту барысының өз ережелері бар. Басты шарт – бұл спортшылардың бір-біріне кедергі келтірмеу. Оларға велосипедті қолымен алып жүруге тек арнайы белгіленген шеңберде рұқсат етілген. Велосипед кезеңіндегі бас киім (дулыға немесе шлем) әрдайым спортшының басында болуы тиіс және тек велосипедті арнайы орынға қойғаннан кейін шешуге рұқсат етілген. Әлемдік стандарттарға сәйкес киім ауыстыру кезінде жалаңаш қалпында болуға тиым салынған. Веложарыс кезеңінде спортшының нөмірі арқасында, ал жүгіру кезеңінде кеудесінде болуы тиіс. Спортшы әр кезеңді өз уақыт шектеуліктеріне сәйкес өту керек.
Айыппұлдар
Жарыс кезінде спортшылар бір-біріне кедергі келтірмеуі қажет. Егер спортшы жүзу кезеңінде бұл ережені бұзса, оны 30 секундқа кешіктіріп қстап қалады. Ал мұндай жағдай вело немесе жүгіру кезеңінде орын ласа оған сары ескерту картасын көрсетеді. Бұл кезде спортшы жарысты тоқтатып, төрешілер жалғастыруға рұқсат бергенше күтуі қажет. Қауіпті әрекеттер немесе қайталанған бұзушылықтар жасаған кезде, спортшы жарыстан шеттетілуі мүмкін. Сары ескерту картасы екі рет көрсетілгеннен кейін, ол бірден қызылға айналып, дисквалификацияға алып келеді.
Триатлон пайда болған кезден бастап-ақ көптеген адамдардың қызығушылығын тудырды. Қазіргі кезде жыл сайын әлем бойынша мыңнан астам адамдардың қатысуымен көптеген жарыстар өтеді. Бұл спорт түрімен айналысуға адамдарды не итермелейді? Біреулері өзінің физикалық мүмкіндітерін шындағысы келсе, келесілері күнделікті бірқалыпты өмір салтын түрлендіргісі келеді. Себептер өте көп. Бірақ триатлонның сізге берері не деген сұраққа жауап алудың жалғыз әдісі – бұл өзіңізге триатлонмен шұғылдануды бастау.
Ironman жарысының әлем чемпионы Крисси Веллингтон өз кітабында былай деп жазған: «Ironman-ның басқа спорт түрлерінен айырмашылығы не де? Жарыс барысында сенің ең басты, берілмейтін, жеңуге қиын жауың – бұл жарыстың өзі. Адам табиғаты, оның ағы мен қарасы, барлығы осы жарыс кезінде ашылады. Финишке жету жеңдің деген сөз. Адамдар мәреге жетуге тырысып, жол бойында тоқтап қалады, өз денелерін басқаралмай, күйзеліске жақын жағдайға түсіп жатады. Қатысушылар күшті эмоциялар сезінеді. Және бұл эмоциялар физикалық және психологиялық тұрғыда адамды өз-өзін тереңірек зерттеуге мәжбүр етеді. Кейін финишке жеткен кезде сені керемет эмоциялар баурайды. Шабыттану – дәл осы сөз сол жағдайды толықтай сипаттай алады. Және бұл сезімді крикет немесе футбол ойнаған кезде сезіне аламын деп айталмаймын».