Мен спортпен көп жылдар бойы шұғылданудамын. Бала кезімде мен өте ірі болатынмын, сол себепті мектепте мені мазақ қылатын жағдайлар да болған. Дене шынықтыру пәні бойынша сыныпта үлегерімі ең нашар оқушы болатынмын, себебі артық салмақтың кесірінен бұл пән маған өте қиын берілетін. Менің отбасым спорттан алыс және біздің кішкентай қалашықта спорт секциялары да жоқ болатын, сондықтан спортпен шұғылдану ойда да болған жоқ. Оның орнына мені музыка мектебіне екі аспазда (домбыра мен фортепианода) ойнап үйренуге берді. Сол кезден бастап менде бәсекелестік пайда бола бастады. Мен бірнеше рет жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Сол кезден бастап-ақ құрдастарымның мазақтарына жауап ретінде барлығына және өзіме үлкен жетістіктерге жете алатынымды дәлелдеу үшін ұмтылыс пайда бола бастағанын мен тек қазір түсінудемін. Бұл қасиет маған қазір өмірде де, спортта да үлкен көмегін көрсетуде. Бойжетіп, университет аяқтағаннан кейін мен артық салмақтан арылуды бастадым. Жаттығу залына келіп, неше түрлі штангалар мен гантельдермен жаттығуды бастадым. Сонымен қатар жүгіру мен дұрыс тамақтануды серік еттім. Уақыт өте келе біртіндеп 20 кг артық салмақтан арылдым. Сол кездері спорт менің өмірімде ойып тұрып орын алды. 30 жасымда бір таныс жаттықтырушы мені тхэквандо бойынша жаттығуға шақырды. Маған бұл спорт түрі қатты ұнады және мен оған бір жылдан астам уақыт бөлдім.
Бірақ, өкінішке орай уақыттың жетіспеуіне байланысты мен бұл спорт түрін тастауға мәжбүр болдым. Дегенмен таңертеңгі таза ауада жүгіруді қойған емеспін. Жүгіру маған нағыз рахат сыйлайды.
5 жыл бұрын мен «World Class Astana» фитнес орталығына жазылып, бұл клубта әр алуан түрлері бар топтық жаттығуларға көп қатысатынмын. Мен үнемі клуб өткізетін жарыстарға қатысып, жеңіске жететінмін. Тіпті «World Class»-тың ең мықты әйел адамы атанғанмын. Бір кезде мен бұдан да үлкен бір нәрсені қалайтынымды сезіндім. Таныстарымнан 2018 жылдың маусым айында Астанада «Ironman 70.3» өткізілетіні туралы естідім. Ол кезде бұл не екенін де білмейтінмін. Ғаламтордан бүкіл ақпаратты ақтардым, сол кезде бұл жарысқа қатысатын адамдар маған шынайы батырлар болып көрінетін. Бірақ бір сәтте «Бұл басқалардың қолынан келсе, мен де бұған қол жеткізе аламын»-деген ой келді. 4 қаңтардан бастап дайындала бастадым, жаңа жылдық тойлаулардан кейін. Жаттығу барысынан өзіме қатты ұнайтын күш салатын жаттығуларды алып тастап, тек функционалды жаттығуларды қалдырдым (менің ойымша, бұл әр спорт түрінде өте қажет).
Жүзу техникамды жақсарту бойынша көп жұмыс істедім (маған «кроль» немесе «баттерфляй» жүзу стилін меңгерген спортшылар қатты ұнайтын. Мен осы екі стильді де меңгердім).
В марте Наурыз айныда Астаналық триатлон Федерациясы «Indoor Triathlon» бойынша фитнес-орталықта жарыс өткізді. Бұл жарыста мен өз жас санатымда бірінші орынға ие болдым. Жүлделі сыйлық ретінде маған Федерация жаттықтырушысымен бірге 1 ай бойы секцияға тегін түрде қатысуға сертификат табыстаған болатын. Содан бастап таңғы сағат 7-де және кешкі сағат 7-де жаттығулар басталған болатын. Жұмыстан кейін мен өзіме қосымша жаттығулар ұйымдастыратынмын. Соншалықты «Ironman»-де мәреге жеткім келді.
Велосипедті жарысқа бір жарым ай-ақ қалғанда алдым. Оған тек сәуірдің соңында ғана отырдым. Неше рет құладым, әсіресе арнайы велосипедке арналаған аяқ киіммен айдап үйренгенде. Бірақ, менің ойымша құлаған қорқынышты емес, құлағаннан кейін тұрмау қорқынышты. Бір нәрсе қолыңнан келмей жатса, қайта-қайта тырысу керек, түбінде бір нәтижеге жетесін.
Нәтижесінде менің бірінші (және соңғы емес деп үміттенемін) жартылай «темір» қашықтығымды мен 5.52 уақытында өтіп шықтым. Бұл көрсеткішті Қазақстанның атақты Е. Шатная, М. Умбетова, С. Казыбаева секілді темір аруларының нәтижелерімен салыстырғанда, әлі көп жұмыс жасау керектігін түсінесін. Дегенмен финишке жеткен кездегі алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жарты жыл бұрын мен өз өмірімді сондай жаңа, көбі біле бермейтін, тансық спорт түрімен - триатлонмен байланыстырамын деп ойлаған жоқпын, ал қазір онсыз өмірімді елестете алмаймын. Әр мәреге жету сәтім, жарыстың көпшілігі мен деңгейіне қарамастан, маған ұмытылмас эмоциялар сыйлайды.
Қазір қазақстандықтар үшін, әсіресе, астаналықтар үшін триатлонмен айналысуға барлық мүмкіндіктер жасалған, себебі біздің қаламызда қысқа супер-спринт қашықтықтарынан бастап «Ironman 70.3» секілді әр алуан жарыс түрлері өткізіледі. Сонымен қатар сорттық инфрақұрылым да қарқынды дамуда. Бізге әлемнің түкпірінен мыңдаған километрлерден өтіп спортшылар келуде. «Ironman 70.3» қатысушыларынан жарыстың біздің елімізде өте жоғары деңгейде өткізілетіні туралы естіп, бір марқайып қалдым. Осы мүмкіндікті пайдаланып, неге жаңа Ironman атанбасқа? К.Қ. Мәсімов айтқандай: «Триатлонның кереметтілігі оның күрделілігінде». Мен осы сөздермен толық келісемін.