Келісімдер


Келісім

 

Мен "Астана қаласының триатлон Федерациясы" ҚБ ұйымдастыруымен өтетін триатлон бойынша жарысқа (бұдан әрі - Жарыс) қатысу үшін осы құжатпен өзімнің дене шынықтыру дайындығым жақсы деңгейде екенін, медициналық куәландыруді өткендігімді және  медициналық қарсы көрсетілімдер жоқ екенін растаймын. 

Мен Жарыс елеулі спорттық дайындықты талап ететінін түсінемін және  осы Жарыспен байланысты барлық тәуекелдерді білемін.  

Менің қатысуымның нәтижесінде денсаулығыма қолайсыз жағдайлар басталу  мүмкіндіктерін  білемін. Өз  қауіпсіздігім мен денсаулығыма өзім жауаптымын. Жарыс  кезінде немесе одан кейін жазатайым оқиға кезінде, жарақат  немесе физикалық зиян алған жағдайда, Жарыс  ұйымдастырушыларына  қандай да бір материалдық және өзге де наразылықтар мен талаптар қоюдан алдын ала бас тартамын.  Бұл бас тарту  менің ықтимал мұрагерлерім мен қамқоршыларымның талап-шағымдарына таралады.

Жарыс ережесі және регламентімен таныстым, және оларды бұзған жағдайда Жарыстан шеттетілуім мүмкін екендігін түсінемін.

            Осы құжатпен таныстым  және оның мағынасын түсіндім.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес, және триатлонды насихаттау мақсатында Жарыс ұйымдастырушыларымен немесе Астана қаласының триатлон федерациясы атынан немесе мүддесі үшін қызмет ететін үшінші тұлғалармен менімен фото-видеоматериалдарды (фотография және/немесе бейнеролик) жасауына  өз келісімімді беремін, сонымен қатар менің бейнемді кез-келген тәсілде және кез-келген құралдармен, пайдалану уақыты мен аумағына шектеусіз жариялауға, көрсетілімге жіберуге және таратуға, пайдалануға  өз келісімімді беремін.

Осы келісімді өтеусіз негізде беремін.