Жарыс аяқталды

Нұр-Сұлтан-Дуатлон 2019

Нұр-Сұлтан

2019-06-23


Қашықтық:

Спринт

Жарыс түрі:

Дуатлон


1. Өткізілетін орны және уақыты

Жарыс Нұр-Сұлтан қаласында  2019  жылдың 23 маусымында өтеді.

Старт сағат 08.00-де;

Старттық пакеттер 22 маусым сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін «Астана-Бәйтерек» монументі жанында таратылады.

Өзімен жеке куәлік құжаттары болу керек.

 

2. Жарыс өткізілуінің басшылығы

 

Жалпы дайындау және өткізуді «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясының қолдауымен жүзеге асырады.

 

3. Жарыс қатысушылары

 

Жарысқа қатысуға ынтасы  бар, денсаулығы бар және дәрігер рұқсаты немесе өзінің денсаулығына дербес жауаптылығы туралы қолхаты бар барлық адамдар шақырылады (ер және әйел, 16 жастан бастап  жасөспірімдер). 18 жасқа толмаған қатысушылар ата-анасының немесе қорғаншысының қолхатын көрсету керек.

 

4. Шығындар

 

Жарыс өткізу шығындары «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ  жүктеледі.

 

  1.  

 

Әр топта жарыс жеңімпаздары жақсы нәтиже бойынша анықталады. Әр жас санатында 1-3 орын алған жарыс жеңімпаздары сертификаттармен және құнды жүлделермен марапатталады.

Марапаттау рәсімін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ өткізеді.

 

6. Тіркеу

 

         Тіркеу көрсетілген онлайн-өтінім беру үлгісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясының сайтында - triathlonastana.kz жүргізіледі. 2019 жылдың 21 маусымда, сағат 18:00-де тіркеу жабылады. Старттық пакет (кеуде нөмірі, дулыға, дулығаға және велосипедке жабыстырма, чип, т.б,)  22 маусым сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін «Астана-Бәйтерек» монументінің жанында таратылады.

7. Ережелер және нұсқаулар

 

Жарыс спорттың екі түрі үш дистанцияда өтеді.

  1. Жүгіру – 5 км;
  2. Веложүгіру – 20 км;
  3. Жүгіру – 2,5 км..

Қатысушылар саны: шектелген, максималды – 500 қатысушы. Өз велосипедімен келу керек. Ұйымдастырушылар велосипед таратпайды.

Максималды уақыт-150 минут беріледі. Осы уақыт аралығында барлық қашықтықта жүріп өтпеген қатысушы жарыс жолынан шығарылады.

 

         Жарыс төрт  жыныс-жастық санаттарда  ерлер және әйелдер арасында өтеді:

  1. 16 жастан бастап 29 жасқа дейін;
  2. 30 жастан бастап 39 жасқа дейін;
  3. 40 жастан бастап 49 жасқа дейін;
  4. 50 жастан бастап одан үлкендер.

Тіркеу кезінде әр қатысушыға қатысу үшін старттық пакет, тіркеу нөмірімен бірге, су, велосипедке жабыстырма және уақытын белгілеу үшін чип беріледі. 

Нәтижелер: жарыстың хронометражы арнайы жабдықпен іске асырылады, қатысушылар уақытын белгілеу үшін чиптер тағып жүреді.  Нәтижелер туралы ақпарат сайтта жарияланады.

Сөре бәріне жалпы! Тетікті кесіп өткен кезінде уақыт дербес саналады (асфальт үстінде арнайы мат). Бұл – стартта бірінші қатарға тұруға қажеті жоқтығын көрсетеді.

Қатысушылар сөреге (жиналатын) таймтриалды велосипедтерден басқа кез келген велосипедтерде жіберіледі. Сонымен қатар тежеуіш тұтқасынан алға шыққан аэробар (жатақтар) орнатылған және зауыттық жалғастырғыштармен жарақталмаған жағдайда тиым салынады.

Транзиттік аймаққа сағат 07:00 бастап 07:45 дейін кіруге болады. Транзиттік аймаққа сағат 07:45 бастап кіруге тыйым салынады, және тіркеу нөмірін көрсету арқылы ғана кіруге болады, тасымал аймақта қажетті жарақтарын және жүгіруге арналған киім-кешектерін қалдыра алады.

ТЫҢДАҢЫЗДАР: транзиттік аймақта көлікпен жүруге тыйым салынады!!! Тасымал аймаққа кірер алдында жаяу жүру керек, яғни велосипедтен түсіп.

Велокезеңде дулыға (шлем) кию қажет. Дулыға ( шлем) кимеген кезде жарысқа жіберілмейді.

Велокезеңінде оң жақты ұстану қажет. Озу (алға шығу) тек сол жақтан болады!

Қатысушылар жарыс және марапаттау рәсімі біткен соң, транзиттік аймақтан өзінің заттарын және велосипедін алу үшін өзінің сөре нөмірін көрсетуі керек.

 

Жанкүйерлер тек қоршаудың сыртында тұру керек және жарыс алаңына жіберілмеуі керек. Егер жанкүйер қатысушыны велокезеңге дейін шығарып салса, қатысушы ойыннан шығарылады.

Жарыс ережесі сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін  әзірленген. Өтініш жарыстың барлық ережесін сақтаңыздар. Жарыс бұзушылары ойыннан шығарылады және қара тізімге еңгізіледі.

- Жарысқа өзгерісті ұйымдастырушылар енгізуге құқығы бар.

- 16 жастан кішілер жарысқа қатыса алмайды.

- Қатысушы өз денсаулығына дербес жауапты және барлық жарыс жағдайларымен  дербес танысу қажет,  сонымен қатар жарыс маршрутымен.

- Өзінің нөмірін басқа тұлғаға беруге тыйым салынады.

- Тас жол және тау велосипедтері арасында бөліну болмайды, қатысушы кез-келген велосипедте қатысуға болады, тек (жиналатын) таймтриалды велосипедтері емес.

Тазалық және тәртіпті сақтауларыңызды сұраймыз. Бос құтылар, қоқыс және т.б. заттарды тастауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!  Осындай жағдайдың болған кезінде қатысушы ойыннан шығарылады!

Осы жарыстың ұйымдастырушылары жарыс қатысушыларының денсаулығына жауап бермейді.

Техникалық қызмет көрсету: Алаңның алдында старт болмай тұрып тегін вело қызмет көрсетіледі.

Жарыс барысында қатысушы нөмерін киіп жүру керек!

Жанкүйелер, достар, таныстар – транзиттік аймаққа жіберілмейді!

Жарыс ауа-райынаөзгеруіне қарамастан өтеді!

Анықтама телефон: 87765230957

 


Қорытынды хаттама:

Жарыс нәтижелері