ТРИАТЛОНМЕН АЙНАЛЫСУДЫ НЕДЕН БАСТАҒАН ЖӨН?
Біздің сайтқа қош келдіңіз! Осы парақшадағы пайдалы ақпарат сізге триатлонда алғашқы қадамдар жасауға көмектеседі деген үміттеміз!
Триатлонмен кім айналыса алады?
Кез келген адам триатлонмен айналыса алады. Егер де сіз дене шынықтыру немесе фитнеспен айналысып, сонымен қатар кызықты жарыстарға қатысып, нәтижелерге қол жеткізгіңіз келсе, демек триатлон дәл сізге арналған спорт түрі!
Триатлон дегеніміз не?
Триатлон – бұл әр түрлі жастағы адамдарға сай келетін, шыдамдылық пен төзімділікке үйрететін, қызықты, заманауи спорт түрі. Триатлон спортшылары жарыс барысында 3 кезеңнен өтеді: жүзу, веложарыс және жүгіру. Уақыт жүзу кезеңінен бастап, барлық аралық кезеңдерді ескере отырып, жүгіру кезеңінің соңына дейін есептеледі. Транзит немесе транзиттік аймақтар – бұл жүзуден велокезеңге, велокезеңнен жүгіру кезеңіне көшетін аймақтар. Жарысты командалық эстафета ретінде өтуге болады. Бұл триатлонға алғаш қадам басып келе жатқан спортшылар үшін өте ыңғайлы.
Триатлон жарыстарының арақашықтықтары
Қашықтық |
Жүзу |
Веложарыс |
Жүгіру |
Ең төменгі жас |
Супер спринт |
250 - 500 м |
6,5 - 13 км |
1,7 - 3,5 км |
15 |
Спринт |
750 м дейін |
20 км дейін |
5 км дейін |
16 |
Стандарт |
1500 м |
40 км |
10 км |
18 |
Орташа қашықтық |
1900 - 3000 м |
80 - 90 км |
20 - 21 км |
18 |
Ұзын қашықтық |
1000 - 4000 м |
100 - 200 км |
10 - 42, 2 км |
18 |
Ескерту: Қатысушылардың жасы жарыс өткізілетін жылдың 31 желтоқсанына сәйкес анықталады.
Келтірілген жас шектеулері жеке немесе командалық эстафета ретінде қатысу түрлеріне қатар қолданылады. Егер сіздің жасаңыз 15 жастан төмен болса, сіз үшін арнайы TEMIR BALA бағдарламасы жасалған болатын. Бұл бағдарлама аясында да көптеген жарыстар өткізіледі.
Триатлонды таңдау себептері
Триатлон бұл керемет, әркімге қолайлы, сай келетін және мінсіз физикалық жағдайды тлап етпейтін спорт түрі. Сонымен қатар ол көп қырлы: сіз бір нәрсені үнемі қайталй бермейсіз. Триатлон әр-түрлі саладағы көптеген адамдарды біріктіреді. Сонымен қатар, бұл өз-өзіңді сынап, жетістікке жету сәтін сезіну үшін көп мүмкіндік беретін спорт түрі.
Триатлонның адамның физикалық және психикалық денсаулығына оң әсерін тигізетін мойындалған артықшылықтары бар. Жүзу, вело және жүгәру спорт түрлерін қатар алып жүру адам денесінің теңдестірілген дамуына ықпал етеді.
Триатлон сонымен қатар төзімділікті дамытуға көмектеседі. Жүрек-қан тамырлар жүйесі мен қан қысымды нығайтуға, артық салмақтан арылуға және психикалық тұрақтылықты қалыпқа келтіруге оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, триатлон - бұл контактсыз спорт түрі және үш түрлі спортты біріктіреді, бұл дененің барлық бөліктеріне біркелкі ықпал етіп, жарақат алу қаупін азайтады.
Дегенмен, дұрыс емес жаттығу жүйесі және шамадан тыс жұмыс жүктемесі адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін екенін ұмытпау керек. Сондықтан, триатлонға айналыспас бұрын дәрігерге толық қаралу қажет.
Маған қандай жабдық қажет?
Алғашқы рет триатлонға қатысар алдында көп қаражат жұмсаудың қажеті жоқ, бірақ сізге қажет негізгі керек-жарақтар бар:
Жүзу: жүзуге арналған киім, бас киім, көзілдіріктер, гидрокостюм;
Вело: қарапайым велосипед – таулы аймақтарда айдауға немесе жарысқа арналған велосипед, гибридті, дулыға (дулығасыз жарысқа қатысуға болмайды);
Жүгіру: кроссовкалар.
Басқа да жабдықтар: Трисьют (ағылшын.: «trisuit») - арнайы триатлонға арналған, барлық үш кезеңге жарайтын киім.
Маған не кию керек?
Бірінші жарысқа қатысар алдында не кию керетігі туралы көп ойлаудың қажеті жоқ.
Әрине, тек триатлонға арнайы арналған трисьют секілді киім бар, бірақ күнделікті футболка немесе шорты секілді спорттық киімдер де жарап қалады.
Бірақ триатлонда өте қатаң ереже бар, әсіресе ер адамдарға қатысты: вело және жүгіру кезеңдері барысында жалаң денемен жарысуға тиым салынады.
Мен жүзу білмеймін
Бұл жағдайда:
- Командалық эстафетаны өтіп көріңіз;
- Дуатлонда өзіңізді сынап көріңіз;
- Біздің секцияларамызға жазылыңыз.
Мен кіммен жаттығамын?
Триатлон бойнша секцияларды біздің қатарымызға қосылыңыз! Жаттығу барысында сіз біздің кәсіби жаттықтырушылармен, тәжірибелі триатлеттермен танысып, олардан кеңес ала аласыз.
Ата-аналар жаттығуды отбасымен бірге қалай қатар алып жүре алады?
- Басқа да ата-аналармен бірге жаттығыңыз, сол кезде сіздер кезекпен балаларға қарай аласыз;
- Балаларға ата-аналары қасында жүгіріп келе жатқанда велосипед тебу ұнайды;
- Балаларыңызбен бірге жәй қалыпты жүгіріспен жаттығыңыз.
- Балаларыңызды біздің секциялар, іс-шаралар мен жарыстар арқылы триатлонға баулыңыз.
Сіз дуатлон туралы естіген шығарсыз. Дуатлон триатлонға ұқсас, бірақ онда жүзу жүгірумен аумасады, нәтижесінде жүгіру/вело/жүгіру комбинациясы пайда болады. Триатлондағыдай дуатлонның өз қашықтықтары бар.
Ең көп таралған қашықтықтар:
- 3.5 км жүгіру, 16 км вело, 3.5 км жүгіру (стандартқа жатпайтын арақашықтық);
- 5 км жүгіру, 20 км вело, 2.5 км жүгіру (Халықаралық триатлон одағының спринт қашықтығы);
- 10 км жүгіру, 40 км вело, 5 км жүгіру (Халықаралық триатлон одағының стандарт қашықтығы).
Акватлон дегеніміз не?
Акватлон да триатлонның бір түрі, бірақ велокезеңсіз. Демек акватлон тек жүзу және жүгіру кезеңдерінен тұрады. Акватлонның да өз қашықтықтары да бар, бірақ көбінесе тек спринт қашықтығы қолданады.
Транзит дегеніміз не?
Транзит дегенеміз триатлон, дуатлон және акватлонда бір кезеңнен екінші кезеңге өту процессін анықтауға арналған термин.
Транзит 1 (немесе Т1) – бұл келесі кезеңдер арасындағы көшу процессі:
- триатлонда жүзуден велокезеңге;
- дуатлонда жүгіруден велокезеңге;
- акватлонда жүзуден жүгіру кезеңіне.
Транзит 2 (немесе T2) – бұл келесі кезеңдер арасындағы көшу процессі:
- триатлонда велодан жүгіру кезеңіне;
- дуатлонда велодан екінші жүгіру кезеңіне.
Маған қанша жаттығу қажет?
Сіздің бірінші триатлоныңыздың алдында қанша уақыт жаттығу керектігі сізге байланысты. Әсіресе, әрбір триатлондағы спорт түрлерінің әрқайсысында сіздің дайындығыңыз қандай, қай арақашықтықты өткіңіз келеді және қандай жетістікке жеткіңіз келеді екендігіне байланысты.
Триатлонда қай бір жетістікке жету үшін міндетті түрде алдын ала, бірнеше ай бұрын барлығын жоспарлау керек. Сіз өте аламын дейтін, өтуге мүмкүндігіңіз жететін жарысты таңдап, дайындықты бастау қажет. Жарыс қарсаңында жаттығу барысында сіз өткіңіз келетін қашықтықты өте алуыңыз керек.
Тамақтану
Жаттығу және жарыс барысында су ішу өте маңызды. Триатлон алдында және жаттығу барысында керек мөлшерде су ішу қажет. Сонымен қатар спорттық тамақтануды таңдау және қабылдау мәселесінде қарастырған жөн. Бұр туралы толығырақ біздің жаттықтырушыларымыз және «Doctor Sport» - пен бірлесе өткізетін семинарларда біле аласыздар.