Арина Шульгина – Азия Кубогы кезеңінің жеңімпазы

04-04-18

Қазақстан триатлон Федерациясында Астананың өкілі болып табылатын - Арина Шульгина 24 наурыз күні Тайландта өткен Азия Кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды. Спринт қашықтығын Арина 1 сағат 3 минут 13 секундта өтіп шықты. Қытай мемлекетінің өкілі Менгинг Чжун Аринадан 21 секундқа артта қалып, күміс иеленді. Ал оның отандасы И Чжан қола жүлдегері атанды.

Аринаның жаттықтырушысы – Андрей Глущенконың айтуы бойынша бұл жарыс Арина үшін оңай болған жоқ, сол себепті жеңімпаз болу өте үлкен жеңіс ретінде қабылданды. Бірінші кезеңнен кейін Арина Қытай мемлекетінің өкілінен 30 секундқа шегініп келе жатқан, бірақ транзит аймағында оған жетіп алған болатын. Кейін веложарыс кезеңінде қарсыласын оза түсу мүмкін болмады, керісінше тағы 30 секундқа шегіну орын алды. Сонымен соңғы кезең алдында спортшылар арасында 1 минут уақыт айырмашылығы болатын. Бірақ жүгіру триатлонда өте маңызды кезең болып саналады. Жарыс барысында өз күшіңді дұрыс пайдаланып жүгіру кезеңінде барлық қарсыластарыңды озып шығу мүмкіндігі бар. Сол жүгіру кезеңінің арқасында Арина тек өз қарсыласына жетіп қоймай, оны 20 секундқа оза түсті. Нәтижесінде, бірінші орын және әріптестерінен құттықтаулар.