Әлем Кубогының кезеңі екінші рет Астанада өтпек

13-09-18

Аустралияда 46 елден келген делегаттардың басын қосқан Халықаралық Триатлон Одағының (ITU) ХХХІ жыл сайынғы Конгрессі өтті.⠀
Конгресс отырысында ITU мен ұлттық федерациялардың жұмысы қорытындыланып, триатлон бойынша өткізілетін сайыстардың деңгейі мен сапасын арттыру, триатлонды әлемдік деңгейде таныту секілді сұрақтар талқыланды.⠀
Конгресс қатысушылары болашақтағы жоспарлар мен жұмыс бағытын бекітті. Соның ішінде, келер 2019 жылдың сайыстар күнтізбесі жарияланды. Осылайша, еліміздің астанасы 2019 жылдың 15-16 маусымында екінші рет триатлон бойынша Әлем Кубогын өткізу мәртебесіне ие болғандығы белгілі болды.⠀

Дереккөз: Қазақстан триатлон Федерациясы